Caspian Life, 13 тамыз. Биыл Қазақстандағы ең ірі деген үш мұнай-газ компаниясының мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі 7 пайызға артады. Бұл туралы бүгін отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесін сөз еткен үкіметтің кезекті отырысында айтылды. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанда өндіріс орындарын шоғырландыруға және Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ секілді жобалардағы қазақстандық үлесті көбейтуге баса назар аударылатынын мәлімдеді. «Ірі мұнай-газ жобаларындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды сатып алуындағы қазақстандық қамту көрсеткішін 2024 жылы 7, 2027 жылы 11, 2029 жылға қарай 15%-ға ұлғайтуды болжауға мүмкіндік береді», — деді вице-министр.
Энергетика министрлігі талдау жүргізіп, ірі жер қойнауын пайдаланушылардың барлық сатып алуының 60% құрайтын 12 тауар тобын бөлді. Бұл бағытта локализациялау мен қазақстандық қамтуды дамыту үшін елеулі әлеует бар. Қазіргі кезде мердігер компаниялармен жоғарыда көрсетілген нысаналы топқа КPI-көрсеткішті бекіте отырып, ірі жобалардың жергілікті қамтуды дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын қайта қарау бойынша белсенді келіссөз жасалып жатыр.