CaspianLife, 13 тамыз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ағымдағы жылдың 15-28 тамызы аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындық туындауы мүмкін екенін ескертеді.
Себебі бұл маңда жол жөндеуден өтпек.
Ал басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, оларға қатысты ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.
Осыны ескере отырып қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді сұрайды.