CaspianLife, 12 тамыз. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық басейндік балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы А.Жұмашев хабарлады.
Ағымдағы жылдың 7-11 тамыз аралығында Атырау, Махамбет, Теңіз, Дамба балық инспекция бөлімінің мамандары, «АрнаулыАвтобаза»,»Абылай-Хан» ЖШС, «Аманкелды атындағы» ЖШС, «Сағиева» ШҚ, «Восток» ЖШС қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, 5546 әскери бөлім сарбаздары, бірігіп Атырау-Доссор тас жолы бойындағы «Соколок» көпірі тұсындағы «Соколок» арнасынан және жайылма сулардан 646 000 балық және балық шабақтарын құтқарылып, Жайық өзеніне жіберелді.
Ағымдағы жылдың 8-11 тамыз аралығында Теңіз балық инспекция бөлімінің мамандары, «Тілекші» ЖШС, «Долгий» ЖШС қызметкерлері, «Ақжайық» табиғи резерваты мекемесі мамандары, Әскери бөлім 5546 сарбаздары бірлесіп Атырау қаласындағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын «Маломокрый» арнасынан арнайы сүзу құралдары арқылы, 93 000 балық және балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді
Ағымдағы жылдың 9-11 тамыз аралығында Махамбет балық инспекция бөлімі мамандары,Жалғансай және Сарайшық ауылдық округі аппаратының қызметкерлері және еріктілер бірлесіп, Жалғансай ауылы аймағы және Атырау-Орал тас жолы бойындағы жайылма сулардан 81 000 балық және балық шабақтарын құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді.