CaspianLife, 11 шілде – Бұған шілденің 10-нан 11-іне қараған түні Атырау қаласы тұрғындарының жағымсыз иіс туралы шағымдары себеп болған.
Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметі (ӨҚК) хабарлады. Ақпаратта Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары түнде атмосфералық ауаның параметрлерін өлшегені атап өтілді. 11 шілде сағат 03:00-дегі жағдай бойынша «Квадрат» булану алаңы, Атырау мұнай өңдеу зауыты, облыстық әкімдік және «Новостройка» ықшам ауданында ауа сапасы өлшенді. Жұмыстар жалғасуда, нәтижелері қосымша хабарланады.