CaspianLife, 3 шілде — Атырау облысының Индер, Исатай және Құрманғазы аудандарында қарақұрт қаптауына байланысты ветеринариялық емдеу іс-шаралары жүргізілуде.
Атырау облысы ауыл шаруашылық және жер қатынастары басқармасының хабарлауынша, зиянкес шаққан 397 Ойсылқара тұқымының 63-і өлген.
Индер ауданы бойынша қарақұрт шағып өлтірген малдың есебі жасалып, деректер арнайы тізімге енгізілген.
Мал шығыны бойынша мәліметтер:
Индер ауданы бойынша қарақұрт шаққан 97 түйенің 79-ы емделіп, 1-і емделуде, 17-ы қырылған. Ал жылқыдан 16-сін зиянкес шақса, оның 7-і емделіп, 3-і емделуде, 6-ы қырылған. Қарақұрт шаққан 4 ұсақ малдың, 4-і де емделуде.
Емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектер тізімі:
Система: Рингера-Локка ерітіндісі, Натрий хлориді
Витаминдер: Антитокс, B12, Катазалан
Мочегонка: Фуросемид, Лазикс
Қарақұрттардан сақтану және емдеу шаралары
Индер аудандық ветеринариялық станциясының ШЖҚ, КМК жергілікті тұрғындарға қарақұрт шағуы мүмкін жайылымдарға малдарын шығармау және қандай да бір ауру белгілері байқалса, дереу хабарлауды ұсынды.