CaspianLife, 11 маусым — Маңғыстау облысында екі ер адам теңізде сырғанаймын деп суға кете жаздады.
ҚР ТЖМ хабарлауынша, осы түні 1998 және 1996 жылы туылған екі жергілікті тұрғын sup board пен сырғанауға барып, ағын су жастарды теңізге алып кеткен. Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа жуық созылды. Жұмысқа құтқарушылардан басқа, әскери теңізшілер де тартылды. Жоғалған жігіттер таңға қарай жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында табылды.
Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.