CaspianLife, 7 маусым — Маңғыстау облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Ақтаудағы құрылыс нысандарында жүргізілген рейд кезінде заңсыз жұмыс істеп жүрген 30 шетелдік азаматты анықтады.
Құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелден жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге де айыппұл салынады.