CaspianLife, 29 мамыр — Атырау облысы ТЖД құтқарушылары Индер ауданы Индербор кентінде Жайық өзенінің тасуы салдарынан жиналған судан жасөспірімнің денесін шығарды.
Индербор кентінің тұрғыны 15 жастағы жасөспірім 28 мамырда күндізгі уақытта достарымен су айдындарына кетіп, кері оралмаған.
Құтқарушылар сол уақыттан бастап іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде 29 мамырда түнгі сағат 04:40 шамасында жасөспірімнің денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Қазіргі уақытта Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен суы өз арнасынан асып, жайылмаға тараған. Ал жасөспірім балалар 170 см биіктіктегі жайылма суға шомылғандығы анықталды.
Осыған байланысты Атырау облысы ТЖД су тасқыны кезінде қауіпсізідік шараларын сақтап, жазғы демалыс уақытында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.