CaspianLife, 3 мамыр — Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.
Еліміздің бірқатар аймақтарында су тасқынан зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде.
ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.
Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады.
Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.
Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.
Сұрақтар туындаған жағдайда тұтынушылар ҚР ҰЭМ ТМРК-нің тиісті аумақтық департаментіне төмендегі нөмірлер бойынша хабарласулары қажет:
– ҚР ҰЭМ ТМРК Ақмола облысы бойынша департаменті: 8 (7162) 50-43-27;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Ақтөбе облысы бойынша департаменті: 8 (7132) 55-73-60;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Атырау облысы бойынша департаменті: 8 (7122)21-10-42;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7112) 25-13-25;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Қарағанды облысы бойынша департаменті: 8 (7212) 41-52-96;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Қостанай облысы бойынша департаменті: 8 (7142) 53-52-40;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Павлодар облысы бойынша департаменті: 8 (7182) 32-12-04;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7152) 53-42-56;
– ҚР ҰЭМ ТМРК Ұлытау облысы бойынша департаменті: 8 (7102)76-03-91.