CaspianLife, 2 мамыр — Индер ауданының аумағында Жайық өзенінің бойында көктемгі су тасқыны кезінде өзеннен келетін суға толатын 21 жайылма учаскелері (тоғандар) бар.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (ЖҚМБИР) Индер бөлімшесінің бас маманы Серікқали Дәуленовтың айтуынша, жиырма жылдан астам уақыттан бері (1997 жылдан бері) бұл тоғандарға су толмаған.
Мәселен, соңғы бірнеше жылда тасқын судан тек 18 тоғанға өзен суы құйса, қалған үш су қоймасы өзен деңгейінің төмендеуіне байланысты құрғап қалды. Бүгінде 21 тоғанның барлығына су ағып жатыр және олар тола бастады.
Судың көп келуіне байланысты Индер ауданы балық инспекциясының қызметкерлері су тасқыны кезіндегі су ағынының жағдайына мерзімді түрде мониторинг жүргізіп, бақылауда.