CaspianLife, 18 сәуір — Атырауға Денсаулық сақтау вице-министрі-бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова іссапармен келді. Ол алдымен Жылыой аудандық орталық ауруханасы мен емханасына бас сұғып, ондағы пациенттермен тілдесті. Айжан Есмағамбетова лас суда болатын микроорганизмдер тарататын инфекциялық аурулардың алдын алу үшін бірқатар ұсыныс айтты.
«Аудан орталығын судан тазалау үшін қажетті техника санын көбейту қажет. Өйткені, ауа температурасы көтерілген сайын жұқпалы түрлі ауру пайда болады. Және халық арасында түсінік жүргізіліп, инфекциялық ауруларға қарсы вакцина салыну керек», — деді ол.
Ал денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев «тұрғындарға уақытылы медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Шұғыл ота қажет ететін пациенттер мен жүкті әйелдер босануға Бейнеу аудандық ауруханасына жіберілуде», -деді. Медициналық нысандарды аралаған соң Айжан Есмағамбетова Құлсары қаласындағы эвакуциялық пунктке барып, ондағы жағдаймен танысты.