CaspianLife, 4 сәуір — Атырау облысында су тасқынының алдын алу үшін құрылған арнайы штабтың шешімімен Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қазір Қосшағыл ауылдық округі Қарағай елді мекенінің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа эвакуациялау жұмыстары басталды.
Бұл ауылда тұратын 156 адам Құлсары қаласындағы №18, №8, №1 орта мектептерінің ғимаратына көшіріледі.