CaspianLife, 3 сәуір — Су тасқынына қарсы жедел штаб отырысына «АМӨЗ» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, NCOC N.V, «Ембімұнайгаз» АҚ, Каспий Құбыр Консорциумы, «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері мен өзге де жауапты мамандар қатысты.
Облыс әкімі су тасқынына қарсы күресу үшін мынадай тапсырмаларды жүктеді.
— компаниялар мен мердігерлердің арнайы техникасын жұмылдыру,
— әр компанияға белгілі бір учаске мен жұмыс фронтын бекіту,
— қажет материалдар, жанар-жағармай, құрал-жабдықтар қорын қалыптастыру мәселелері бойынша қолдау көрсетуді тапсырды.
Күшейту жұмыстарын үйлестіруді Атырау облыстық жедел штабы жүзеге асырады.