CaspianLife, 8 қаңтар — 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға 6,4 трлн теңге қаржы түскен. Бұл туралы Energymonitor телеграмм арнасында хабарлады.
Түсімнің 4,6 трлн теңгесі мұнай компанияларының салығы. Ал, 1,8 трлн теңгесі Ұлттық қордың инвестициялық жобаларынан түскен кіріс. Қазіргі таңда қорда 29 трлн теңге немесе 63 млрд доллар қаражат бар. Түсім 2022 жылмен салыстырғанда жарты трлн-ға өскен. Energymonitor-дың хабарлауынша, инвестициялық түсім қарқыны өзгермесе, биыл кәмелетке толмаған әр баланың шотына 300 доллар ақша түседі.