CaspianLife, 26 желтоқсан — ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, — деп хабарлайды CaspianLife.
Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар төмендегідей:
- Астана — 76 теңге;
- Алматы — 81 теңге;
- Шымкент — 64 теңге;
- Алматы облысы, СҚО — 81 теңге;
- Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары — 54 теңге;
- Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары — 76 теңге;
- Жамбыл облысы — 71 теңге;
- Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары — 64 теңге;
- Павлодар облысы — 74 теңге;
- Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары — 76 теңге.
Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан артық) баға лимиті 5 теңгеге жоғары болады.