CaspianLife, 20 желтоқсан — Ресми мәлімдемеде: «Басқа мемлекетте тіркелген көлік құралдарын Қазақстан аумағында пайдалану олардың халықаралық қозғалысқа қатысуы үшін ғана мүмкін», делінген.
Бұл Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ғана шетелде тіркеліп, Қазақстан Республикасы бойынша қозғала алады деген сөз.
Қазақстандықтар болса басқа мемлекетте тіркелген автокөліктерді Қазақстан Республикасына тек тіркеу үшін әкеле алады.