CaspianLife, 14 желтоқсан — Бүгін 14:00 шамасында Атырау қаласы Оңтүстік өндірістік аймағында орналасқан «Batys Petroleum» ЖШС-нің №1 цехтың жуу-булау станциясында жылжымалы темір жол құрамын(цистерна) тазалау кезінде мұнай шламының қалдықтары жанып тұрған газ-ауа қоспаларының дүмпілі болды.
Дүмпіл салдарынан цех құрылымдарының ішінара (бөлігі) құлаған. Автоматты өрт сөндіру құрылғысы іске қосылып, сонымен қатар «Batys Petroleum» ЖШС-мен келісім-шартта отырған мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 48 қызметкер мен 5 бірлік техника, «Апаттар медицинасы орталығын» 3 қызметкер 1 бірлік техника, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС 5 адам 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізді.