CaspianLife, 14 желтоқсан — Бүгінгі таңда елімізде қызылшаны жұқтырғандар саны 21 мыңнан асқан.
«АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қызылшаның жаһандық індетіне қатысты мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан ауру жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы үштікке кіреді. Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны 21 мыңнан асты. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл жұқпалы ауруға Эфиопияда — 11 мың, Пәкістанда — 8 мың, Конгода 6 мың адам ғана шалдыққан. Яғни бұл жұқпалы дерт бойынша Қазақстан тіпті Африка елдерінің алдына шықты. Еліміздегі сарапшылардың пікірінше, вакцинациялау бағытында мәселелер бір күнде туындаған жоқ»,-деді сенатор Бибігүл Жексенбай.