CaspianLife, 13 желтоқсан — Кейінгі үш күнде ауа райының қолайсыздығынан Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне 120 адам келген, деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде 12 адам аурухананың травматология, нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың қол-аяғы сүйектері, иық сүйектері сынған. Құлап, басын жарақаттағандар да бар.