CaspianLife, 5 желтоқсан — 2023 жылғы 1 желтоқсандағы дерекке сүйенсек, Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс 1,8 трлн теңгені (3,9 млрд доллар) құраған, деп хабарлайды CaspianLife.
Егер жыл соңында кіріс шамамен осы деңгейде сақталса, келесі жылы қазақстандық 18 жасқа дейінгі балалардың (6,5 миллион бала) шоттарына 300 АҚШ доллары түспек. Келесі жылдан бастап инвестициялық кірістің жартысы балаларға бөлінеді.
Ақпарат @NRG_monitor телеграм арнасынан алынды.