Әлеуметтік желіде Жылыой аудандық білім бөлімі басшысының ұсталғандығы туралы ақпарат тарады.
Бейресми деректерге сүйенсек, білім бөлімін 2019 жылдан бері басқаратын басшы пара алды деген күдікке ілініпті.
Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті әзірге бұл ақпаратты не растаған, не теріске шығарған жоқ. Қолда бар ақпаратқа қарағанда күдікті қазір үйқамақта отыр.