Қазіргі таңда елімізде көлікке газ баллонын орнатуға тыйым жоқ. Дегенмен кез келген көлік жөндеу орнында жасалатын бұл қызмет қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан Энергетика министрлігі мәселені шешу үшін газ баллонды жабдықтаумен айналысатын компанияларға лицензия алуды міндеттеу шарасын ойластырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов көлікті газға ауыстыруға шектеу қою не қадағалау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
«100 пайыз шектеу болмайды. Бірақ газ жабдықтарының қайдан келгені, сапасы, қай жерде орнатылғаны тексеріледі. Қазіргі уақытта газ баллонын орнататын компаниялардың лицензиясы мүлдем жоқ. Мүмкін лицензиялық қызмет жасайтын шығармыз. Соны ойластырып жатырмыз», деді вице-министр.
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.