Елімізде күріш қымбаттады. Бір жылда баға, шамамен 40 пайызға көтерілген. Бұл мәліметті зерттеу жүргізген Energyprom сарапшылары ұсынып отыр. Ал баға өскенімен, дақылды өндіру биыл 10 пайызға төмендепті.
Соңғы үш жыл қатарынан күріш өндірісі тек жоғарылаған. Ал, биылғы өсім 177 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға азайыпты. Соның салдарынан дәнді дақылдың құны да шарықтаған.
Қымбатшылық ең алдымен Ақтау қаласында байқалып отыр. Онда тазартылған күріштің бір келісі 904 теңгеден сатылып жатыр. Орал мен Астанадағы көрсеткіш те көңіл көншітпейді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына кіретін өнім құны екі қалада 829 және 801 теңге аралығында. Елімізде күріштің 90 пайызы Қызылорда қаласында өсетіндіктенғ әзірге баға сол өңірде ғана тұрақты. Онда ақ маржанның бір келісі 495 теңге.