6-8 қараша аралығында Маңғыстау облысында «Металл» ЖПІШ өтуде. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері металл құбырларды ұрлаумен айналысқан 38 және 57 жастағы азаматтарды ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлайды.
Белгілі болғандай, олар шаруа қожалығының иесіне тиесілі сорғы және компрессорлық құбырларды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші полицияға хабарласқан. Материалдық шығын 500 мың теңгені құрады. Күдіктілерден өз кінәләрін мойындады.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.