CaspianLife, 3 қазан — Қала күні қарсаңында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин көпбалалы аналарды марапаттады.
ҚР Президентінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №308 Жарлығы бойынша 54 ана «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері атанды. Мемлекеттік наградаларды қала әкімі табыстап, құттықтады.
— Қазан айы басталғалы қаламызда көптеген шаралар өткізілуде. Міне, бүгінде сол шаралардың ізін суытпай қала күні қарсаңында көпбалалы аналарымыздың басын қосып, марапаттауды жөн көрдік. Қоғамда алтын құрсақты аналарымыздың орны ерекше екені сөзсіз. Бүгінгі мемлекеттік награда да соның бір белгісі. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, сәбилердің күлкісіне толы болсын! – деді қала әкімі Ш.Кейкин.