Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты, Айбас елді-мекенінен 1976 жылы туылған азамат мал іздеуге шығып, қайта оралмаған. 4 күннен бері тиісті ТЖД мен еріктілер іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде, аталған азамат 30 қазан, күндізгі 11.00 шамасында Индер ауданы маңынан аман-есен табылды. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы бірқалыпты.