Caspian Life, 13 қазан. 12 қазанға қараған түні 27 шағынаудан 51-үйден 102 кезекші пунктіне пышақ жарақаты туралы қоңырау түсті.
Қоңырауға учаскелік полиция инспекторы жауап берді. Белгілі болғандай, 49 жастағы әйел ер адамға пышақ лақтырған. Иық аймағынан жеңіл жарақат алған. Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жолданды.