Caspian Life, 12 қазан. Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК хабарлайды.
«Өткізілген операцияның нәтижесінде Ақтау қаласында есірткі тасымалдады, сатты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды.
Тінту барысында 100 келіден аса «марихуана» есірткі заты тәркіленді», — делінген хабарламада.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.