CaspianLife, 19 қыркүйек — Әлеуметтік желіде әйел адамның кәмелеттік жасқа толмаған қызбен төбелесіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды CaspianLife.
Оқиға Ақтау қаласында болған. Видеодан кәмелетке толмаған қыз бен әйел адамның бірін-бірі итеріп, шашынан жұлып жатқанын көруге болады.
Қыздың анасының айтуынша, көрші әйел мүмкіндігі шектеулі қызын ұрып тастаған.
«Танымайтын әйел адам менің мүгедек қызымды ұрып, қолын жұлқып, дөрекі қылық көрсетті» -деді анасы.
Маңғыстау облысы ПД өкілдері Оқиғаның 34-шағын аудандағы №10 үйдің ауласында болғанын анықтады. Бұл жағдай турлы хабар 17 қыркүйек күні сағат 18:28-де түскен.
«Учаскелік инспекторлар бұл деректі растады. Кәмелетке толмаған қызды ұрған әйелге әкімшілік хаттама толтырылды» -дейді ПД өкілері.