CaspianLife, 19 қыркүйек — Патрульдік полиция қызметкерлері 17 қыркүйек күні қызмет барысында, Әуежай алаңында «Mercedes» маркалы автокөлігімен түрлі қозғалыс жасап, дрифт элементтерін орындағанын және бұл әрекетімен айналаға қауіп төндіріп жатқанын байқаған, деп хабарлайды CaspianLife.
Тексеру кезінде, 19 жастағы жүргізушінің сақтандыру туралы заңнаманы бұзғаны анықталды. Оған қатысты ол ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі, 230-бабы 2
бөлігімен жауапқа тартылды.
Видеоплеер
00:00
00:00