CaspianLife, 15 қыркүйек — Желіде Атырау-Астрахань тас жолындағы айналма жолды нөсер жаңбырдан кейін су шайып кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды CaspianLife.
3 айдан кейін ашылуы керек болған жолдың бүгінгі жайы желі қолданушыларын алаңдатуда. Көлік қозғалысы шектеліп, жолдың екі бағытында да жүру мүмкін емес.
Айта кетейік, жөндеу жұмысынан өткен тас жол 2023 жылдың соңына дейін ашылуы тиіс еді. Жоба толығымен 2024 жылы аяқталады.