CaspianLife, 13 қыркүйек — Қазақстандықтар енді сыбайлас жемқорлық фактілері туралы арнайы Telegram-ботта айта алады, — деп хабарлайды CaspianLife.
Ведомствоның мәліметінше, осы чат-бот арқылы іздеуде жүрген адамдар туралы ақпаратты да хабарлауға болады екен. Іздеудегі адамдар бойынша бағдарлар Агенттіктің сайтында сілтеме бойынша жарияланады.
«Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаларға жедел ден қою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет @antikorkz_bot Telegram-ботын іске қосты», — делінген хабарламада.
Азаматтар басқа мәселелер бойынша 1424 қысқа нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алады.