CaspianLife, 4 қыркүйек — Анталья қаласындағы туристік автобус жол апатына ұшырады. Автобус ішінде Атыраулық отбасы да болған, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Апат салдарынан «Зейін Атырау» ерекше балаларға арналған орталығының негізін қалаушы, атыраулық журналист Арайлым Бағытжанова көз жұмды. Қасында болған кішкентай қызы да оқиға орынында мерт болған. Ал күйеуі ауыр хәлде.
Сонымен қатар, Ж.Бисембиев Атырау облысы басшылығы Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен байланыста екенін, қаза болғандардың денелерін елге жеткізу және зардап шегушіге медициналық көмек көрсету бойынша барлық мәселелердің шешіліп жатқанын жазды.
Содай-ақ ол облыс басшылығы атынан Арайлым Бағытжанның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.