CaspianLife, 23 тамыз — Атырау қаласында ұзындығы 17,9 шақырымды құрайтын 13 көшеге орташа жөңдеу жұмыстары басталды деп хабарлайды caspianLife.kz
Қазіргі уақытта мамандар Әлия Молдағұлова, Құлманов көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі аралық жолды жөндеуді бастап кетті. Мердігер мекеме — «Маңғыстау жол құрылысы материалдары комбинаты». Жоба бойынша жолдың ені кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Аталған аумаққа жоба аясында Бином мектебінің алдына автотұрақ салу жоспарланған.Сонымен қатар, Әбілқайыр хан даңғылы мен Елорда көшесіне дейінгі аралыққа тас жол салу жұмыстары басталды. Аталған жұмысқа «Казсервисгруп» компаниясы жауапты. Жобада жаяу жүргінші жолы, велосипедке арналған жол, көше жарық шамдары мен автотұрақ қарастырылған.