CaspianLife, 15 тамыз — Жуықта Атырау қаласының әкімі болып тағайындалған Шәкір Кейкін әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Шенеуніктің көптің назарына ілігуіне оның ескерткіштер мен көгершіндерге қатысты айтқан пікірі себеп болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Қала басшысы Қаныш Сәтбаев ескерткішінің қазіргі күйіне алаңдап, тұрғындардың ол жерде құстарға жем беруіне тыйым салу керектігін айтқан еді. «Көгершін -бейбітшілік құсы болғанымен, айналаны бүлдіріп, қолайсыздық тудырып тұр» деді Шәкір Кейкін
Шәкір Кейкиннің сөзінше, бұл көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселе. Енді құстар мен оларды тамақтандыратын тұрғындардың жағдайы қиындамақ. Мұнымен ескерткіштерді жуып шаршадық деген жұмысшылар да келісіп отыр.
Ғаламтор пайдаланушылары қала басшысының бұл әрекетін сан-саққа жүгіртіп-ақ жатыр. Бірі қолдап, оның іскерлігіне таңдай қақса, өзгелері қалада бұдан да басқа маңызды деген мәселенің толып жатқандығын айтуда.