CaspianLife, 30 шілде — Әлеуметтік желіде Қазақстаннан Ресейге әскери техника тасымалданып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды CaspianLife inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі», — деп жазылған министрлік хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған.
Фото: adyrna.kz