CaspianLife, 26 шілде —Қазақстанда мұнай өнімдерін шетелге теңіз арқылы заңсыз тасымалдауды жолға қойғандар ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты «А» арнаулы мақсатының қызметкерлері Түркістан облыстық прокуратурасымен бірлесе отырып, заңсыздықтың жолын кесті. Қазіргі кезде Түркістан және Маңғыстау облыстарында, Астана, Шымкент қалаларының аумағында жедел тергеу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Мына бейнекадрларға қарағанда арнайы жасақтың күдіктілерді кемеден ұстағанын көруге болады.
Фото: Sputnic.kz