CaspianLife, 24 шілде — Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары құбыр бар болса да, ауыз сусыз отыр, деп хабарлайды CaspianLife.
Осыдан үш жыл бұрын тартылған құбырды облыс әкімі келіп, салтанатты түрде пайдалануға беріпті. Тұрғындардың айтуынша, бұның бәрі ауыл шенеуніктерінің жасап отырған көзбояушылығы. Себебі, әкім кеткен бойда су да тоқтаған. Содан бері бір тамшы аққан емес дейді ауыл халқы.
«С.Трұмов келді облыс әкімі, аудан әкімі сосын осы ауылдың әкімдері, ақсақалдарды жинап келді. Газды ашты. Газбен бірге суды қосты. Ағызып көрсетіп, болды. Сонымен кетті. СКЛ: (01:04-01:11) — Сол кеткеннен мол кетті. Су деген әкімнен бұрын кетіп қалды. Содан бері су жоқ» — деді С.Шапағатов ауылының тұрғыны Есенгелді Сайынов.
Ұзындығы 52 шақырым болатын су құбырын тарту үшін кезінде облыс бюджетінен 750 млн теңге бөлініпті. Тұрғындар одан ақпаған ауыз суды дүкеннен ай сайын 30-40 мың теңгеге сатып алуға мәжбүр. Ал, жергілікті билік бұл мәселені су тұшыту стансасы шешеді деп үміттенеді. Оларға сенсек жыл басында іске қосылған шағын станса күзге дейін ауыз су тапшылығын жоятын көрінеді.
«Кәсіпорын қазір мен оның алдында айтып өткендей үш кезеңнен тұрады. 1-кезең бітті. Қазір 800 куб-тай беріп тұр. 2-кезең осы апта ішінде 1200куб-қа жеткіземіз. 3-кезең ендігі айдың соңына дейін бітеді. 2600 куб болады барлық халық сумен қамтылады» — деді компания өкілі Олжас Қаржауов.
Саин Шапағатов ауылында тек су ғана проблема емес. Мұнда қоғамдық көлік пен аялдамалардың да жағдайы көңіл көншітпейді. Сондай-ақ, ауылдың санитарлық тазалығына жауапты мекеме де өз жұмысын жөнді жасамайды дейді тұрғындар.
Фото: Ortalyq Qzaqstan