Caspianlife, 14 шілде — Жылыой ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Жылыой Су» мекемесінің 2 жұмысшысы кәріз құдығында қаза тапты, деп хабарлайды Caspianlife.
Қайғылы жағдай Жаңа Қаратон кенті аумағында орын алған. Оны кент тұрғыны хабарлаған. Жұмысшылардың құдыққа құлағаны туралы хабар кеше сағат 09:42-де түскен. «Жылыой Су» мекемесі қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсететін болды.
«Оқиға орнына келген уақытта кәріз құдығына жөндеу жұмыстарын кезінде 2 жұмысшы тереңдігі 7-8 метрлік құдықта өлі күйінде жатырғаны анықталды» — делінген хабарламада.
Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрды.
Фото: Егемен Қазақстан