CaspianLife, 27 маусым —Биыл атыраулықтар құрбан айт мерекесін Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда атап өтеді,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Алаңда таңғы алты жарымда айт намазы оқылып, сағат онда мерекелік іс-шара басталады. 14 киіз үй тігіліп, халыққа дастархан жайылмақ және 10 мыңға жуық балаға тәтті таратылады. Облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының сөзінше дін мен дәстүр ұштастырылған рухани жиынға да бір сағат уақыт бөлініп, оның соңы қазақтың терме, күйлері орындалатын концерттік бағдарламаға жалғасады. Мерекелік іс-шара мұнымен шектелмейді. Күрес, арқан тартыс, қой көтеру сынды спорттық жарыстар ұйымдастырылмақ. Балалар үшін тегін батут орнатылады. Айтқа арналған мерекелік жиын түскі сағат бірде аяқталмақ.