CaspianLife, 26 маусым —«Прикаспийская коммуна» газетінің алдағы жарты жылдығына жазылу басталды, деп хабарлайды caspianlife.kz Осыған орай газет ұжымы жазылушыларды санын арттыру мақсатында «Оқырмандар күнін» өткізді. Сауда орталықтарының бірінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, тұрғындар арасында викториналық ойын ойналды. «Прикаспийская коммуна» газетінің жарыққа көргеніне биыл 103 жыл толды. Басылым алғаш рет 1920 жылы 8 қаңтарда «Красный Гурьевский вестник» деген атаумен шыққан. Қазіргі таңда басылымның тиражы 2000-2500 дана аралығында.