CaspianLife, 20 маусым – Полицейлер түлектер мен олардың ата-аналарына ескерту жасады деп хабарлайды caspianlife.kz
Атыраулық полицейлер мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына ескерту жасады. Өйткені 20-22 маусым аралығында облыс орталығында 11 сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі болады. Әрі сол күндері мейрамханаларда кеш өтеді. Ал оның артының кейде қайғылы оқиғаға ұласатыны бар. Балалардың тарапынан жасалған кез-келген құқық бұзушылыққа ата-ана жауапты болады, сондықтан олардың іс-әрекеттерін бақылауда ұстап, қауіпсіздігіне мән берген жөн», — дейді тәртіп сақшылары.
«Жылда болатын оқыс оқиғалар: көшедегі субұрқақтарға шомылу, өзен-көлдерге ару, автокөліктермен мектеп түлектерінің жол-көлік оқиғаларын жасауы, суицид, табиғат аясында демалу, пикниктерге шығу, мейрамханаларға баратын күндері таңды қарсы алу, костер жағу. Әр ата-ана аттестат берілген күні, сонымен қатар мейрамханадан шыққан кезде өз балаларын үйлеріне алып кету керек. Кез-келген түлектің құқық бұзушылығына ата-ана қатаң жауап беретінін ескертемін», — деді Атырау облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Ерлан Биғамбаев.
Биыл облыс бойынша 6 мың оқушы 11 сыныпты, 12 мың оқушы 9 сыныпты аяқтады.
Фото kazbilim.kz сайтынан