CaspianLife, 2 маусым – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының түлектері ҚР ҰҚК шекара қызметіне қарасты «Евразия» әскери бөлімшесінде болды, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Олар бір күн бойы әскерилердің өмірімен танысып, қолдарына шынайы қаруды ұстап көрді. Және казармаларды аралап, жауынгерлердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Бұдан соң шекарашылар студенттерге жауынгерлік дайындықтан үзінді көрсетті. Экскурсияға риза болған студенттер әскерилерге рахмет айтып тарасты. Ұйымдастырушылардың сөзінше «Ашық есік күнін» өткізгендегі көздеген мақсат – жастардың бойындағы патриоттық сезімді, Отанға деген махаббатты ояту, әскер өміріне қызығушылықтарын арттыру көрінеді.