CaspianLife, 11 мамыр — Ақтауда көпқабатты үйдің маңдайшасы тұрғындардың үстіне құлады, деп хабарлайды Caspian Life.
Ақтауда 9 шағынаудандағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, бір адам мерт болды. Зардап шеккен тағы екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасын жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнында полицейлер жұмыс жасап жатқандығын жеткізді.