CaspianLife, 1 мамыр – Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын жаңғыртудың бірінші кезеңі басталды, -деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Ол үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд 600 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға электростансадағы ескі құрылғыларды жаңартып, тұшыту қондырғысына жаңа сорғы алу көзделген. Әкімдік энергокомбинатты толықтай модернизациядан өткізу үшін республикалық бюджеттен тағы 4 млрд 900 млн теңге сұрап отыр. Бұл ұсынысты Қаржы министрлігіндегілер қарап жатыр. Қазір өңір әкімдігі осы модернизация жасайтын мердігерді анықтауға кірісіп кетті. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін зауыт тәулігіне 24 мың текше метр су тазартатын болады. Құрылыс жұмыстарын комбинат та қаржыландырады.
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Ақтау қаласын электр энергиясы, жылу, ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз етіп отырған мекеме. Зауыттағы құрылғылар өткен ғасырдың 60-шы, 90-шы жылдарынан бері қолданыста. Бүгінде олардың 80 пайызынан астамы ескірген.