CaspianLife, 28 сәуір – Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған күдіктілерді анықтады деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облысы ПД-не қарасты Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 22 сәуір күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені бойында 1987 ж.т. және 1991 ж.т. аудан тұрғындарының басқаруындағы қайықты тексеру кезінде 1 203 кг құрайтын сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз қара балықтарын тәркіледі. Факт бойынша ҚР ҚК-тің 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.