CaspianLife, 6 сәуір —Орал қаласының әкімдігі 15 орындықты 5 миллион теңгеге сатып алған, — деп хабарлайды caspianlife.kz
Яғни әрқайсысы 333 мың теңге тұрады. Бұған қала тұрғындары наразылық білдірді.
«Еуразия» бірінші арнасының тілшілерінің сөзінше бұлар — кәдімгі ағаш орындық. Оны сатып алу үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік сатып алу конкурсын айналып өткен. Белсенділер болса, жаңа орындықтардың ыңғайсыз екенін алға тартады. Ал шенділер өнім патенттелген болғандықтан тендерсіз сатып алдық дейді