CaspianLife, 3 сәуір —️Оралда 2 баласын саудалаған әйел ұсталды ,- деп хабарлайды caspianlife.kz.
Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы хабарлады. 31 жастағы Оралдық келіншек өз баласын 1 миллион теңгеге бағалаған. Ол алғашында 2018 жылы жаңа туылған нәрестесін Атыраулық ерлі-зайыптыға сатқан. Кейін 2022 жылы, 3 жастағы қызын оралдық жанұяға 1 миллион теңгеге беріпті. Анықталғандай Қарақалпақстан Республикасының тумасы болып шыққан.