CaspianLife, 17 наурыз — ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері Атырау облысында сары май бағасының 40%-ға арзандауына ықпал еткен. Нәтижесінде «Масло 72,5% Верхний Услон 5 кг» сары майының бағасы 2 690 теңгеден 1680 теңгеге төмендеді.
Электрондық шот-фактуралар базасы арқылы жүргізілген талдау нәтижесінде «Атырау Проб Снаб» ЖШС-нің өңірдегі екі супермаркетке сары майды 82-104% үстеме бағамен жеткізгендігі анықталыпты. Заңсыздық жасаған мекеменің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі кезде сауда желілері тауарды тікелей өндірушіден сатып алуға көшкен көрінеді.
Иллюстрациялық фотосурет редакция мұрағатынан
Дереккөз: caspianlife.kz