CaspianLife, 13 наурыз — Өткен аптада Загреб қаласында (Хорватия) 2006-2008 жылдардағы жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Еуропа кубогы өтті. Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі (ӨКҚ) хабарлағандай, жарысқа 35 елдің үздік татами шеберлері қатысқан.
Атырау дзюдо мектебінің тәрбиеленушісі Ержан Мұрат (суретте) 50 келі салмақ дәрежесінде Италия, Украина, Грузия, Израиль, Венгрия елдерінен келген қарсыластарын жеңіп, Еуропа Кубогының жеңімпазы атанды. Оны құрлықтық алғашқы жарысына жеке жаттықтырушы Сәлімгерей Нұрболғанов дайындаған.
Дереккөз: www.caspianlife
Суреттер ӨКҚ-нен алынды.